- Advertisement -

Қасиетті Рамазан айы басталды

249

- Advertisement -

Қасиетті Рамазан айы басталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — Бүгін Ислам әлемі үшін қасиетті, берекеге толы, он екі айдың сұлтаны саналатын Рамазан айы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ораза 6 мамырдан 5 маусымға дейін жалғасады.

«6 мамыр — Рамазан айының бірінші күні. Биыл 30 күн ауыз бекітеміз. Қасиетті Қадір түні — 31 мамырдан 1 маусымға қараған түн. Ал 5 маусым — ораза айттың бірінші күні. Рамазан айының басталуын нақты анықтау шариғи үкімдер мен  астрономиялық есептер негізінде жүзеге асады. Алғашқы кезеңде мұсылмандар жаңа туған айды көзбен көретін», — деп жазған еді А. Қонарбайұлы өзінің Фейсбук парақшасында.

Ораза тұту — игі мұсылман қауымының бес парызының бірі. Жалпы «ораза» сөзінің мағынасы — бір нәрседен алыстау, белгілі бір уақыт аралығында ішіп-жеуден, нәпсі қалауларынан тыйылу дегенді білдіреді.

Оразаға ниет: «Алла Тағаланың разылығы үшін таңнан күн батқанға дейін мүбәрак Рамазан айының оразасын ұстауға ниет еттім».

Ауызашар дұғасы: «Жаратқан Ием! Сенің разылығың үшін ораза ұстадым, Саған иман келтірдім, Саған тәуекел еттім, Сен берген ризық-несібеңмен ауыз аштым. Уа, кешірімді Алла! Менің алдыңғы және соңғы күнә-кемшіліктерімді кешіре гөр!»

Жамағат назарына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәліметтері негізінде Ораза айында мән берер мәліметтерді ұсынамыз:

— Пiтiр-садақаны Рамазан айының басынан Айт намазына дейiн беруге болады. Еліміз бойынша әр адамға 300 теңге.

— Пітір-садақадан түскен қаражат есебінен мүгедектер мен қарттарға, жесір әйелдер мен жетімдерге, әлеуметтік тұрмысы төмен отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетіледі.

— Жүкті, омырауда баласы бар немесе хайыз, нифас кезіндегі әйелдерге, жолаушыларға, науқас жандарға ораза ұстау — парыз емес.

— Сапарда жүргендерге ораза ұстамауға болады. Бірақ басқа күндерде санын толтырып, ауыз бекітеді. Егер сапар қиындық туғызбаса, абзалы — ауыз бекіту.

Биылғы Рамазан айында берілетін пітір-садақаның көлемін мына сілтемеден көруге болады.

kazinform.kz

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support