- Advertisement -

Теңіз кен орнында полиция бөлімшесі ашылды

51

- Advertisement -

 Теңіз кен орнында полиция бөлімшесі ашылдыАТЫРАУ. ҚазАқпарат — Атырау облысындағы Теңіз кен орнында жаңа полиция бөлімшесі ашылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Бөлімше 40 мыңға жуық адам тұратын Теңіз вахталық кентінде ашылды. Олар үшінші зауыттың құрылысында жұмыс істейді. Кенттегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз етумен 27 полиция қызметкері айналысатын болады», — деп хабарлады аймақтағы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Теңіз кен орнында полиция бөлімшесі ашылды

Жаңа ғимаратта кезекшілік бөлім, тергеуші мен ұсталған азаматтарға арналған арнайы бөлме жасақталған. Күдікті тұлғаларды тергеуге арналған бөлмеге аудио және видео құрылғылар орнатылған.

Теңіз кен орнында полиция бөлімшесі ашылды

Айта кетейік, Теңіз кен орнында мұнай өндірісін жылына  28 млн тоннадан 39 млн тоннаға дейін арттыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоба бойынша вахталық тәсілмен 100 мыңға жуық адам — тұтас қала тұрғындары жұмыспен қамтылатын болады.

 

Автор: А.Соколов

 

kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support