- Advertisement -

Ауылдың тұрмыс сапасын жақсарту

31

- Advertisement -

өңір экономикасын арттырудың негізгі тетігі

Бүгінде облыста барлығы 377 елді мекен бар десек, ондағы халықтың тұрмыс сапасын жақсарту, жұмыссыздықты жою өңірдегі қолға алынып жатқан жұмыстардың өзегіне айналуда. Бұл бағыттағы әр қадамды облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің өзі жіті назарда ұстап, айрықша ден қойып отыр.
Осы орайда кеше облыс әкімдігінде өткен семинарға барлық салалық басқарма басшылары мен аудан әкімдерінің тиісті орынбасарлары қатысты. Онда ауылдық елді мекендердің экономикалық базасын қалыптастыру және «Қарапайым заттар экономикасы» жобасын жүзеге асыру мәселелері қаралды.
Өңір басшысы күн тәртібіндегі мәселелердің маңыздылығына тоқталып, қатысушылардың оған жіті көңіл бөліп, түсіну керектігін баса айтты. Өйткені олардың алдағы уақыттағы жұмыс жүйелері негізінен осы бағытта өрбімек. Бұл туралы облыс әкімінің өкімімен бекітілген жергілікті атқарушы органдарының жұмыс алгоритмдерінде де айшықталып жазылған.
Ауылдарды көтерудің бірден-бір жолы – кооперативтер құру және «қарапайым заттар экономикасын» дамыту. Басқосуда облыс басшысы осыны тағы да еске салды. Асқар Мырзахметов елді мекендерде шағын кәсіпорындар ашу, кооперативтер құру арқылы жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруға, тұрғындар тұтынатын өнімнің өзіндік құнын төмендету мүмкіндігіне тоқталды. Нақтырақ айтсақ, елді мекендегі жеке шаруалар шағын кооперативтерге біріге отырып, айтарлықтай табысқа жете алады. Бірлесіп мол өнім өндіріп, оны өткеру, сапалы тұқымға қол жеткізу, техника тапшылығы мәселелерін де шешуге мүмкіндік алмақ.
Өңір басшысы жастарды қолдау, олардың арасындағы жұмыссыздықты жою мақсатында бөлінген қаржы 500 миллион теңгеге жетіп отырғанын тілге тиек етті. Жастардың шағын жобаларын қолдауға бағытталған бұл қаржының 200 миллион теңгесі республикалық, 300 миллион теңгесі облыстық бюджеттен қарастырылып отыр. Бұл үшін енді тек ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу керек.
Сондай-ақ жиын барысында ауылдар төңірегінде жер ресурстары мен жеке қосалқы шаруашылық иелігіндегі шағын аумақтарды тиімді пайдалану, техника және қоймалардың жетіспеушілік мәселелері сараланды. Асқар Исабекұлы алдымен әрбір елді мекеннің әлеуетін анықтап алу, ауылдар маңындағы егістік, жайылымдар мен шабындықтарды бастан-аяқ есептеп, түгендеу шараларын мұқият әрі уақыт созбай атқару керектігін жеткізді. Оған аудан, ауылдық округ әкімдіктері де барынша атсалысуы қажет.
Жиын қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктелді.

Облыс әкімінің
баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support