- Advertisement -

«Aq jol» – өз тіліңіз, өз үніңіз!

46

- Advertisement -

«Қазпошта» акционерлік қоғамы облыстық филиалынан алған мәліметке қарағанда 2019 жылдың екінші жарты жартыжылдығына облыс бойынша 2 мамырға дейін «Aq jol»-ға 171 оқырман жазылған. Жамбыл ауданында бір адам да жазылмаса, Сарысу ауданында және іргелі аудандардың қатарында жататын Т.Рысқұловта бір-бір оқырманнан ғана жазылыпты. Ал Мойынқұм ауданында екі, облыс орталығының іргесіндегі халық саны жағынан аудандар арасында үшінші орын алатын Байзақта 5-ақ оқырманымыздың жазылғаны көңілге қаяу түсіреді. Әзірге тоғыз жолдың торабы – Шу ауданында 47 оқырманымыз екінші жартыжылдықта да өздерінің сүйікті басылымдарынан қол үзбейтін болыпты.
Небір жақсылар мен жайсаңдар шыққан Жамбыл ауданы халқының облыстың бас басылымын ұмытып кеткені қалай? Пернебай Дүйсенбин сынды елге белгілі қаламгер тұратын сарысулықтардың, Қуандық Шолақтай таланты ақын мекен ететін рысқұловтықтардың, малшылардың маршалы атанған Жазата елінің, Әзімбек Жанқұлиевтай айтыстың дарабозын берген байзақтықтардың ғасырға жуық оқырмандарының рухани жан азығына айналған басылымына немқұрайдылық танытып отырғаны түсініксіз.

Былтыр күзде аудандарды аралап, оқырмандармен кездескенде, қай өңірде болмасын ел-жұрттың «Aq jol»-ға деген ыстық ықыласы мен ерекше құрметін сезіндік. Сарысудағы кездесуде белгілі жазушы, руханият жанашыры Пернебай Дүйсенбин ағамыздың «Aq jol» – облыс басылымдары арасындағы шоқтығы биік басылым» дегені есте. Мұндай жылы сөзді Шу, Рысқұлов және басқа да аудандардағы оқырмандарымыздан естігенбіз.
Елбасы мен Мемлекет басшысының сарабдал саясатын өңірде жүйелі түрде насихаттап, мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін жан-жақты жазып келе жатқан да «Aq jol» газеті. Облыс әкімінің атқарып жатқан тынымсыз жұмысы да әр қырынан жазылып отыр.
Шешімін күткен мәселе, тіршілік түйткілдері де тілшілер назарынан тыс қалып жатқан жоқ. Оқырмандар тарапынан көтерілетін ірілі-ұсақты мәселелер де тұрақты жарияланып келеді.
Сонымен биылғы екінші жартыжылдыққа «Aq jol» газетіне жазылу науқанының аяқталуына бір жарым айдай-ақ уақыт қалды. Ойланыңыз, оқырман! «Aq jol» өз газетіңіз, өз тіліңіз бен өз үніңіз!

 

Амангелді Әбіл

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support