- Advertisement -

Аллея мен атшабар нысандары ашылды

118

- Advertisement -

Елбасының «Туған жер» бағдарламасы аясында игі істер атқарылып келеді. Айталық, Жаңаталап ауылындағы 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында мерт болған қаһармандарға арналған ескерткіш-монументінің алдынан Құрметті азаматтарға арналған аллея ашылды. Жаңа нысанды «Сан-сервис» ЖШС-ның директоры Кеңесбек Егізбаев жеке қаражатына салып берген.Аллеяның ашылу салтанатында аудан әкімі Қанатбек Мәдібек құттықтау сөз сөйледі:
– «Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас» деген, Құрметті азаматтар аллеясы ауылдың ажарын ашатыны анық. Баршаңыз куә болып отырғандай, Қазақстан халқының бірлігі күні аясында атымтай жомарт азаматтарымыздың қолдауымен жаңа нысанды ашып, ел игілігіне бергелі отырмыз. Мұндағы басты міндет – еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Туған жерге туыңды тік!» атты бастамасы аясында елі үшін еңбек етіп, ауданымыздың Құрметті азаматы атанған тұлғалардың есімін ұрпақ жадында мәңгі қалдыру. Бүгінгі заман талабына сай бой түзеп, жасыл желекке оранған аллеямыз соның бірден-бір дәлелі. Сондай-ақ қасиетті ораза айы қарсаңында жасалған бұл бастаманың мәнін әріден қозғап, имани тұрғыдан таразыласақ та сауабы терең екенін түсінуге болады.
Тұрғындарымыз ауыл көркін кіргізіп тұрған жаңа аллеяны алдағы уақытта күтіп-баптау ісінде қалыс қалмайды деген ойдамын, – деді аудан басшысы.
Осы жиында Қ.Мәдібек Түркістан облысының және Сайрам, Сарысу аудандарының Құрметті азаматы осы аллеяның салынуына демеушілік жасаған Кеңесбек Егізбаевты мерекелік төсбелгімен марапаттады.
Басқосу барысында кәсіпкердің өзі де сөз сөйлеп, демалыс орнының ауыл азаматтарының ойынан шығатынына сенім білдірді. Жаңаталап ауылдық округі ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ермек Ерубаев атымтай жомартқа көпшілік атынан ризашылық білдіріп, ат мінгізіп, шапан жапты.
Айта кетейік, Құрметті азаматтарға арналған аллеяның жалпы алаңы 4850 шаршы метрді құрайды. Жаңадан 107 метрлік ұңғыма құдық қазылып орнатылған. Демалыс орнында 19 орындық, сахна, 18 жарық қондырғысы орнатылған. 3700 шаршы метр жасыл желек, 500 түп арша, сирень, әртүрлі тал көшеттері егілген. Жаңа үлгідегі суландыру жүйесімен жабдықталған. Құрметті азаматтар аллеясының жобалық-сметалық құны 40,0 миллион теңгені құрайды. Сондай-ақ Сарысу ауданының Құрметті азаматы атанған 21 кісінің аты-жөні жазылған тақта бар.
Осы күн Жайылма ауылында Сақтаған Балқыбаев атындағы атшабар алаңы да ашылды.

Сәулет ЕСҚАРА,
журналист.

Сарысу ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support