- Advertisement -

Орындалған ғажап арман

32

- Advertisement -

Ассамблея – этносаралық келісімді, қоғамдағы толеранттылықты және халық бірлігін одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдай жасауға септігін тигізетін бірден-бір қоғамдық институт. Елімізде этностардың құқығын шектейтіндей заң жоқ. Барлық азаматтардың теңдігі басты құжатта айқын көрсетілген. Сондықтан да еліміздің бірлігі мен татулығы, ұлттар арасындағы достық әрқашан басты орында. Ал ауызбіршілікті сақтауда, ел бірлігін нығайтуда Қазақстан халқы Ассамблеясына жүктелген міндет жоғары.
Елбасымыздың дара саясатының арқасында біздің бірлігіміз тұрақты. Оған негіз болып отырған осы қоғамдық ұйым екені анық. Оны шетел сарапшылары да мойындап отыр. Шындығында Қазақстан халқы Ассамблеясы сияқты бірегей институт басқа ешқандай елде жоқ. Біз барлық ұлт өкілдерін бір ортақ шаңырақтың астына жинап, татулықта өмір сүрудеміз. Ел мүддесі үшін тиімді жұмыс істете білу де үлкен жетістік. Сондықтан бұл қоғамдық институт елдегі тұрақтылық пен тұтастықты сақтаудың бірегей моделіне айналды. Елімізде әрбір этнос өкілінің конституциялық және азаматтық құқықтары мен еркіндігін толығымен паш ете алатын этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты.
Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясында бірлік, достық, тұрақтылық – біздің саясаттың негізгі ұстанымы екеніне тоқтала отырып, осы арқылы гүлдену мен өмір сапасын арттыруға қол жеткізетінімізді баса айтты. Біздің тілегіміз – сол күнге қол жеткізу. Ол орындалар ғажап арман боларына сенемін.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support