- Advertisement -

Барды неге бағалай білмейміз?

61

- Advertisement -

Тараз қаласы айналдырған бір жылдың ішінде тотыдайын таранып шыға келгені баршаға мәлім. Күннен-күнге құлпырып келе жатқан Әулиеатаның келбеті мен сәулетін өзгерткен нысандар жайлы ауыз толтырып айтуға болады. Соның бірі – былтырға дейін қамыс қаулап, шаһардың сынын бұзып тұрған «Үшбұлақ» каналы десек, артық айтқандық емес. Өйткені қазіргідей көрікті кешенге айналмас бұрын жалғыз адам жүруге де жүрексінетін демалыс орнында қазір тұрғындар тұрмақ, қала және облыс қонақтары да серуендеп, тамашалап жүргенін көруге болады.
Алайда кейбіреулер каналдың қоршаулары мен көпіріне жазулар жазып, сызып, әртүрлі жапсырмалар мен сағыздарды жабыстырып, темекі тұқылын тастап жүре береді. Соларды осында орнатылған қоқыс жәшіктеріне тастау қиын емес. Өйткені өзен жағасына барлығы 17, жоғары жақтағы жаяу жүргіншілер жолының бойында да осынша урна орнатылған. Арақашықтығы небәрі 50 метрдей. Бұдан артық не керек?
Ал келесі мәселе – иесіз иттер. Бұл маңайға «Жайлау» (3) және «Талас» (6) ықшам аудандары жақын орналасқандықтан, сондағы кейбір тұрғындар иттерін босатып қойып серуендейді. Оған қаңғыбас иттерді қосыңыз. Бұл осында келушілердің дегбірін қашырады. Өйткені төрт аяқты қауып алса, одан келер қауіп көп.
Сондықтан қолда барымызды бағалап, тазалықты сақтап, өзгенің де мазасын алмаған абзал.

Барат МЫҢБОСЫНОВ,
зейнеткер.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support