- Advertisement -

Адамдық асыл қасиеттерден арылмайық

51

- Advertisement -

Дәл қазіргі уақытта адам адамдығын сақтап, кішіге ізет, үлкенге құрмет көрсете ме? Физиологиялық тұрғыдан алсақ, адам – жер бетінде ең жоғары даму сатысындағы тіршілік иесі. Осындай қасиетке ие бола тұра, хайуандық деңгейдегі әрекеттерді жасап жүрміз. Көпке топырақ шашудан аулақпын, алайда ұят, адамгершілік, мейірімділік деген қасиеттерден жұрдай болып барамыз. Жығыла құлағанға жетектесіп көмек көрсетудің орнына, күле қарап өте шығатындар көбейіп барады. Мені қынжылтатыны – ақша мен атақ бола тұра, иманның жоқтығы. Ашкөздікке бет бұрып, бар дүниеге қанағат жасай алмауымыз.
«Көке», «Бәкелердің» арқасында кінәлілер жазадан құтылып, жазықсыздар темірторға қамалуда. Әлімжеттік көрсетіп, жын-ойнақтың арбауына кеткендер жетерлік. Өзі екіжүзді айлакер бола тұра өзгеден адалдықты талап ететіндер бар. Батыстың сәнін қуып, өз құндылығымызды шетке ысырып біттік. Ұрлық арқылы тиын-тебен тауып, болмайтын дүние үшін адам өлтіретіндерді де көз көрді. Осындай жайттар қазіргі қоғамда болып жатқаны мені қинайды. Сонда қай уақытта осы дәрежеге түсіп үлгердік?
Кінә кімнен, кінәрат кімде? Сан соқтырған жайттарға үйреншікті жаңалық ретінде қабылдайтындай не күн туды басымызға? Адам болып келген соң, адам болып кетуімізге не кедергі? Таусылмас, жауабы жоқ сұрақтар. Қазіргі қоғамның бет-бейнесі осындай. Адамгершілік деген құндылықтан ақшаны жоғары қоюымыз алаңдатады? Түбі жоқ тұңғиықтан қалай жол тапсақ екен? Қабырғамды қайыстырар, дауыл тұрғызған сан сұрақ мазамды алып бітті. Ақырзаман белгісі осы болғаны ғой. Осыны оқып отырған әрбір оқырманнан сұранарым, Алла берген қасиеттерді ұмытпай, бұл қоғамды өзгертуге сәл де болса үлес қоссақ! Келер күннің егелері, көкірегі ашық, көзі ояу азаматпыз ғой, адам деген атқа, адамгершілік деген ұғымға сай болайық!

Жанна ПІРІМБЕК,
№43 орта мектебінің
11-сынып оқушысы.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support