- Advertisement -

«Аты бар да, заты жоқ»

44

- Advertisement -

Мен Тараз қаласын қақ бөліп жатқан темір жолдың арғы бетінде, нақтылай түссем, вокзалдың артқы жағында тұрамын. Төңірегімізде шешімін күткен біраз мәселе бар. Оның бірі – №37 бағытындағы қоғамдық көлік. Оның «Саны бар, сапасы жоқ» десе де, «Аты бар да, заты жоқ» десе де жарасады. Өйткені жүру интервалы алшақ бола тұра, өзі шағын. Кейде сағаттап келмейді.
Әріге бармай-ақ осы 20 сәуір күні болған жайтты баян етсем. Аяғым ауырғандықтан, үй жаққа баратын жалғыз автобусымызға отыра салайын деп, сағат 12:50-де Ұлттық банк аялдамасына барғаннан 15:00-де бір-ақ міндім. Арада №16 автобус 10 шақты рет, №55 қоғамдық көлік 6 мәртедей, №57, 38 шағын автобустар да ізін суытпай келіп жатты. Көре салайыншы десең, не GPS-тен таба бермейсің. 2 сағаттық аралықпен жүргенше, мүлде қатынамай-ақ қойғаны абзал ғой! Болмаса оның орнына қосымша көлік қатынаса екен. Ал темір жолдың арғы жағынан бекет алдындағы аялдамаларға жаяу барып мінем дегенше жарты, бір сағат керек. Кешқұрым қараңғы, ол жақтан өту қорқынышты, бұзақылар көп. Сондықтан мұндағы әсіресе балаларын күткен ата-аналарға тыным жоқ.
Осы №37 бағыттың көліктері де №55, 38, 34 автобустар сияқты Шалғай Қарасу алабындағы соңғы аялдамаға барады. Солардың ең болмағанда бірі Ишин, Жилкооперций, Тынышбаев, Локомотивная көшелерімен жүріп өтсе, тұрғындардың жүйкесі жұқара қоймайтын еді.

Марина МЕЙІРБЕКҚЫЗЫ,
тұрғын.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support