- Advertisement -

Құландық балуанға қола жүлде бұйырды

54

- Advertisement -

Қытайдың Сиан қаласында жалауы желбіреген Азия біріншілігінде қазақстандық балуандар жасындай жарқырап, бірнеше жүлдеге қол жеткізді. Бұл доданың басты жаңалығы жас та болса жігерлі балуан Нұрқожа Қайпанов болды. Жарыс барысында қарсыластарын қоғадай жапырған ол ақтық сында да алқынып қалған жоқ. 70 килограмм салмақтық шешуші белдесуінде жапониялық Кожиро Шигамен кездескен отандасымыз қарсыласын 9:0 есебімен ойсырата жеңіп, көк Туымызды көкте желбіретті. 74 килограмм салмақтағы Данияр Қайсанов та алтыннан алқа тақты.
Жалпы алғанда Сиан төрінде төселген бозкілем қазақ балуандары үшін құтты болды десек, артық айтқанымыз емес. 65 килограмм салмақ дәрежесінде бақ сынаған Саятбек Оқасов ақтық кездесуде үндістандық балуанға жол беріп, күміс медальді қанағат тұтты. Ол қарсыласынан 7:2 есебімен басым түсіп жатып, соңғы сәттерде қолда тұрған жеңісті сусытып алды. Өкінішті, әрине.
Бұдан бөлек Азия біріншілігінің жүлдесі екі балуанға бұйырды. 79 килограмм салмақ дәрежесінде белдескен Ғалымжан Өсербаев пен 97 килограмм салмақта топқа түскен Әлішер Ерғали қола медальді қоржынымызға салды. Екеуі де үшінші орын үшін өткен белдесуде жасындай жарқырады. Осы тұста қырғыз балуанынан қола жүлдені жұлып алған Әлішердің жерлесіміз екенін айта кеткен жөн. Жастар арасындағы аламандарда жасындай жарқырап, енді ересектер арасындағы додада өзін жақсы қырынан көрсеткен Әлішер Құланның тумасы. Алайда ол қазіргі кезде Алматы қаласының намысын қорғап жүр. Жалпы Әлішерден бөлек тағы бір құландық шебер Әділет Дауланбаев та Алматы қаласының атынан сынға түсуде.

Табиғат АБАИЛДАЕВ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support