- Advertisement -

Діни қызмет саласындағы 2019 жылы көрсетілетін мемлекет тік қызмет туралы

30

- Advertisement -

Облыс әкімдігінің «Сәулет және қала құрылысы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (көрсетілетін қызметті беруші) «Діни қызмет саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 147 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің 2017 жылғы 26 шілдедегі №113 бұйрығымен бекітілген «Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру» және «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандарттары негізінде регламенттер әзірленіп, облыс әкімдігінің 26.10.2017 жылғы №230 қаулысымен қабылданып, облыстық әділет департаментінде мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 16.11.2017 жылғы №3584 санымен енгізілді.
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін және қағаз нысанында көрсетіледі.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы жүзеге асырылады.
«Ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасатын жерін айқындау туралы шешім беру» және «Үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім беру» регламенттерінің 2-тармағы 5-тармақшасына сәйкес белгіленген тәртіп бойынша рұқсат беріледі.
Бекітілген мемлекеттік қызмет регламенттері облыс әкімдігінің ресми www.zhambyl.gov.kz веб-сайтында және көрсетілетін қызмет түрлері uag.zhambyl.gov.kz интернет-ресурстарында және басқарманың стендтерінде орналастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін жердің мекен-жайлары: көрсетілетін қызметті берушінің: www.din.gov.kz; Мемлекеттік корпорацияның: www.gov4c.kz интернет-ресурсында орналасқан.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің заңнамалық актілеріне 2016 жылғы 29 наурыздағы №479V КРЗ енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға байланысты «Тұрғындарының есептік саны жиырма мың адамнан асатын елді мекеннің егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы немесе бас жоспарлары және тұрғындарының саны жиырма мың адамға дейінгі елді мекеннің егжей-тегжейлі жоспарымен біріктірілген бас жоспарлары (немесе тұрғындарының саны бес мың адамға дейінгі елді мекендерді дамытудың және құрылыс салудың оларды алмастыратын схемасы) болмаса, құрылыс үшін жер учаскелерін беруге тыйым салынады»
Мемлекеттік қызметті көрсетушінің мекен-жайы: Тараз қаласы Төле би көшесі №35 ғимараттың 2-қабаты және байланыс телефоны 8 (7262) 437880.

Облыс әкімдігінің сәулет және
қала құрылысы басқармасы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support