- Advertisement -

Көп тіл білгеннің көші ілгері

36

- Advertisement -

Тарихқа көз жүгіртсек, көп тіл білгеннің көптен ілгері болғанын байқаймыз. Шығыс ғұламасы әл-Фараби 70-ке жуық тілді еркін меңгерген. Ал Абай атамыз орыс, қазақ тілдерімен қатар, парсы, араб тілдерін білген. Деректанушылардың пікірінше, ақын Абай орыс тілін орта жастан асқанда үйренген көрінеді. Міне, ниет болса, алынбайтын қамал қалмайтындығының дәлелі – осы.
Жамбылдық журналистерге де ақпараттық технологиялар мен ғылымның тілі – ағылшыншаны үйреніп, тіл ұстартуға үлкен мүмкіндік туып отыр. Облыстық ішкі саясат басқармасының «Өңірлік коммуникациялар қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін ағылшын тілін үйренуге арналған 4 айлық курс өткізуді ұйымдастыруда. Ондағы мақсат – ойы жүйрік журналистер мен блогерлердің ағылшын тілін еркін меңгеріп, емін-еркін жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызу.
Енді өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында журналистер мен блогерлер әр аптаның сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 17.00-18.00 және 18.00-19.00 аралығында жиналып, 2 топқа бөлініп, ағылшын тілін оқитын болады. Дерекке көз жүгіртсек, өңірімізде мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі – 98,3, орыс тілін меңгергендері 92,3 пайыз болса, ағылшын тілін білетіндері 25,1 пайызға жеткен екен. БАҚ өкілдері осы мүмкіндікті тиімді пайдаланып, тіл үйренетін болса, алдағы уақытта ағылшын тілін білетіндердің көрсеткіші біршама жоғарылайтыны сөзсіз.

 

Камила БОРАШОВА

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support