- Advertisement -

Кордай маңындағы ірі жол апатында зардап шеккендердің жағдайы мәлім болды 

63

- Advertisement -

Кордай маңында болған ірі жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен 30 адамға медициналық көмек қажет болды. Олардың екеуі интенсивті терапия бөлімінде, ал біреуіне ота жасалып жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

«Жалпы 41 адам зардап шекті. 11 адам қайтыс болды, олардың сегізі оқиға болған жерде, екеуі — Кордай аудандық ауруханасында, біреуі — Гвардиялық медициналық госпитальде.

Қазіргі уақытта 30 адамға медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Олардың 24-і Кордай аудандық ауруханасында: екі науқас интенсивті терапия бөлімінде, біреуі ота үстелінде, қалғандары Гвардиялық медициналық госпитальде жатыр», — деп хабарлады басқармадағылар.

Ауруханаға жеткізілгендердің барлығына қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Еске салсақ, 20 сәуірде таңғы шамамен 5.00-де Жамбыл облысы Қордай ауданында, Алматы — Ташкент автожолының 181-ші шақырымында Toyota маркалы көлік жол шетінде тұрған жүк көлігін соққан. Жол апаты салдарынан оқиға орнында 8 адам қаза тауып, тағы 32-сі медициналық мекемеге жеткізілген. Ауруханада тағы үш адам қайтыс болған.

ЖКО салдарынан қаза болған 11 адамның ішінде 7 Қазақстан және 3 Өзбекстанның азаматы бар. Бір адамның азаматтығы әзірге анықталған жоқ. Ауруханаларға жеткізілген зардап шеккендер қатарында қазақстандықтар, Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтары бар.

tengrinews.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support