- Advertisement -

Президент сайлауында белсенділік танытамыз

58

- Advertisement -

9 маусымда кезектен тыс Президенттік сайлау өтеді. Бұл еліміз үшін тарихи сәт болары анық. Тәуелсіз еліміздің қалыптасу кезеңінде өте ауқымды шаралар атқарылды.Ұлы Дала елін алдағы уақытта одан да үлкен істер күтіп тұрғаны аян. Сондықтан жер жаһандағы дамыған отыз елдің қатарына кіру үшін әрқайсысымыз бар күш-жігерімізді салып еңбек етуіміз керек. Бұл үшін ғасыр шежіресін жалғап, алдағы бес жылда еліміздің саяси-экономикалық бағытын жүргізетін көшбасшымызды айқындап алғанымыз жөн. Елге саяси-экономикалық тұрақтылық пен қоғамдық бейбітшілік керек. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың ұзақмерзімді даму стратегиясы сонда ғана табысты жүзеге асары анық.
Бүгінде қоғамды алаңдатып отырған мəселелер өте көп. Əрине олар дер кезінде өз шешімін табарына сенім мол. Ол үшін Мемлекет басшысының өкілдігінің толық болғаны маңызды. Сондықтан да бəріміз аталған сайлауға біркісідей атсалысып, белсенділік танытқанымыз абзал. Біз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының сенім артқан ел жастары үмітті ақтауға тиіспіз. «Жас Отан» жастар қанаты талмай еңбек етіп, жарқын болашаққа нық қадам жасауы үшін саяси науқанға да белсене атсалысады деп сенемін.

С.ТОҚПАНОВ,
«Жас Отан» жастар қанаты
аудандық филиалының төрағасы.

Сарысу ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support