- Advertisement -

Роналду мен «Ювентус» Чемпиондар лигасынан «ұшып» кетті

59

- Advertisement -

«Реалдың» өзін жарыстан қағып тастаған «Аякс» «Ювентусты» да тобықтан шалып кетті.

Сурет : Pixabay17 Сәуір 2019, 08:45

Құрамында португалиялық атақты шабуылшы Криштиану Роналду ойнайтын Туриннің «Ювентусы» 1/4 финалда Чемпиондар лигасымен қош айтысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Юве» екі ойын қорытындысы бойынша Голландияның «Аяксына» жол берді (1:1; 1;2). Жарысты ары қарай «Аякс» жалғастырады

Осылайша Роналду соңғы тоғыз жылдан бері тұңғыш рет Чемпиондар лигасының жартылай финалында ойнамайтын болды. «Реал» сапында Роналду Чемпиондар лигасының кубогын төрт рет төбесіне көтерген ( 2014, 2016, 2017 және 2018 жылдары).

Бұл «Аякстың» биыл 1/8 финалда Чемпиондар лигасынан «Реалды» да «қағып» тастағанын (1:2; 4:1) айта кету керек.

«Аякспен» бірге жартылай финалға «Барселона» шықты. Олар 1/4 финалда «Манчестер Юнайтедті» екі рет тұқыртты (1:0; 3:0).

Бүгін түнде Португалияның «Портуы» «Ливерпульді» қабылдайды (алғашқы кездесуде 0:2 есебімен «Ливерпуль» ұтқан), ал «Манчестер Сити» өз алаңында «Тоттенхэммен» тартысады (0:1).

Чемпиондар лигасының финалы 1 маусымда Мадридтегі «Метрополитано» стадионында өтеді.

zakon.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support