- Advertisement -

Илья Ильин Олимпиадаға басқа бапкермен барады

24

- Advertisement -

Қазақстандық ауыратлет Илья Ильин жеке бапкерін ауысытырды.

Сурет : sports.kz16 Сәуір 2019, 17:34

Илья Ильин енді Антон Моисеевпен бірге жаттығатын болады. Бұл туралы ол Sports True бағдарламасында мәлімдеді, – деп хабарлайды Vesti.kz.

Жас бапкердің басшылығымен Ильин Азия-2019 чемпионатына дайындалып жатыр, алайда оның айтуынша әзірге тұғырдан көрінуге әлі ерте екен.

«Мен жаңа бапкер — Моисеев Антонмен жұмыс істей бастадым. Ол Шымкенттен, бұрындары көтеріп жүрген, ауыр атлетикадан спорт шебері. Оның жаттығу бойынша жаңа қызықты тәсілі бар, ол маған ұнайды. Ол менің осал тұстарымды байқап, жағдайымды толық бақылап отырады. Мені сезінеді. Жаңа инновацияны, дайындық жүйесінде жаңа көзқарасты біледі», — дейді ауыратлет.

Спортшының айтуынша, арқасындағы жарақатқа байланысты әлем біріншілігінде жарысқа шықпай қалғанына қарамастан қазіргі жағдайы жақсы екен.

«Қазір жаттығу басқаша. Қалпыма келу де жылдам әрі сапалы болып жатыр. Өйткені балалар жақсы және күшті команда жиналды. Тәртіпке келтіріп, аяққа тұрғызады, даярлау жоспарын жазады, диетаны қарайды. Жалпы мен жалғыз емеспін, менімен бірге тұтас команда бар», — деді ауыр атлет.

Ильин қажетті ұпай жинау үшін Азия біріншілігіне қатысатынын айтады.

«Мен үнемі жеңіске жеткенімді білемін. Бірақ қазір Олимпиада ойындары туралы ойлану керек, сондықтан қазір жай ғана жарыстарға қатысып, өнер көрсету керек, өйткені алда әлем біріншілігі бар. Сондықтан қазір рекордтар бола қоймас. Токио жайлы ойлану керек, сол себепті мен үшін старт маңызды емес», – деді спортшы.

Айта кетейік, ауыр атлетикадан Азия біріншілігі сәуірдің 18-28 аралығында Қытайдың Нинбо қаласында өтеді. Бұл жарыс Олимпиада ойындары-2020 жарысына іріктеу кезеңі болып табылады. Ильин 96 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетеді.

 

zakon.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support