- Advertisement -

Ақша мен қаруға толы Toyota Camry 70 – Талдықорған экс-әкімінің баласыныкі

225

- Advertisement -

Тексеру барысында Дастан Шалтабаев тарапынан заң бұзушылық анықталмады.

Сурет : Алматы ПД баспасөз қызметі16 Сәуір 2019, 15:17

Талдықорғанның кеше ғана орнынан алынған бұрынғы әкімі Дастан Шалтабаевқа қатысты тексеру аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облыстық департаменті хабарлағандай, Алматыда тоқтатылған 055 QQQ 05 нөмірлі Toyota Camry 70 көлігінің иесі — Дастан Шалтабаевтың ұлы Тұрлыхан Тұрарбек. Көлік тоқтатылған кезде рөлде оның курстасы Аслан Шәріпов отырған. Салон ішінде сондай-ақ Н.Мақұл мен С.Бейсен болған. Ал бұрынғы әкімнің ұлы университетте сабақта отырған.

Жүргізуші Шәріповке қатысты бірнеше хаттама толтырылып, іс Алматының әкімшілік сотына жіберілді.

Мақұлға қатысты ҚР ҚК 287 бабы — қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру бойынша тергеу басталды.

Тексеру барысында Дастан Шалтабаев тарапынан заң бұзушылық анықталмады.

28 наурызда Алматыда ақ түсті Toyota Camry 70 автокөлігі тоқтатылған болатын. Жүргізушінің еш құжаты болмаған. Мәшинеге арнайы қызметтердің дыбыс-жарық сигналдарын беретін арнайы құрылғысы орнатылған. Жүк салғышынан тапанша, оның оғы салынған қорап, басқа көліктерге тіркелген екі пар көлік нөмірі, айналымға арналмаған 100 долларлық пәшкі-пәшкісімен ақша табылған болатын.

Бұл дерек бойынша қызметтік тексеру басталып, ақыр аяғы Талдықорған әкімі ауысып кеткен еді.

zakon.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support