- Advertisement -

Айсәуленің тұсауы кесілді

42

- Advertisement -

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айтылғандай, қазақ халқының әдеп-ғұрпы қашаннан да қастерлі. Оны жас ұрпақтың бойына дарыту – міндетіміз. «№4 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы» мекемесінде «Мәдениет, дәстүр, өнер және әдебиет» атты мерекелік семинар өтті.
Семинарға, облыс әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ермек Бықыбаев қатысып, салт-дәстүрді жас ұрпақтың бойына сіңіру, ата-бабамыздың асыл мұраларын қастерлеу жөнінде құнды ойлар айтты. Өзге қонақтар да пікір білдіріп, әсерлерімен бөлісті. Шара барысында кішкентай бүлдіршін Айсәуле Ағланбектің тұсауы кесілді. Орталық қызметкерлері мен бүлдіршіндер ән салып, би билеп, шараның сәнін кіргізді. Балалар түрлі ертегі кейіпкерлеріне айналып, өнерлерін көрсетті. Алтыбақан құрылып, қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылды. Жиын соңында семинарға қатысушылар орталық қызметкерлері жайған дастарханнан дәм татып, қонақжайлық пейілге ризашылықтарын білдірді.

Жұлдыз ЖАБАҒИЕВА,
облыс әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының №4 арнаулы
әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығының маманы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support