- Advertisement -

Жамбылдық боксшылар жарады

47

- Advertisement -

№6 спорт мектебінде жасөспірімдер арасында бокстан аймақтық турнир ұйымдастырылды. Дода облысымыздың Құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері Кеңесхан Ахаевты еске алуға арналды.
Былғары қолғап шеберлерінің аламанына Алматы, Шымкент қалалары мен Түркістан облысының балғын боксшылары қатысты. Жарыстың ашылу салтанатында облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ Кеңесхан Ахаевтың достары Мақұлбек Байгелдиев, Омарбек Айсейітов, Жапар Сатылғанов құттықтау сөз сөйлеп, доданың жоғары деңгейде өтуіне ниеттес екендіктерін жеткізді.
20 салмақ дәрежесі бойынша ұйым-дастырылған аламанда облыс намысын 37 жасөспірім қорғады. Кіл мықтылар топқа түскен бәсекеде жамбылдық оғландар да қарап қалған жоқ. Шаршы алаңда барын салған олар намысты қолдан бермеді. Финалдық жекпе-жекке 14 өреніміздің жолдама алуы сөзімізге дәлел боларлықтай.
Турнир қорытын­дысы бойынша 46 килограмм салмақ дәрежесінде бақ сынаған Артур Пак алтыннан алқа тағынса, 48 килограмм салмақтағы Сұлтан Молдаш, 50 килограмм салмақтағы Ілияс Акерин, 56 килограмм салмақтағы Айдос Матаев та бірінші орын иегері атанды. Сонымен қатар Диас Нығмет, Исамедин Хожамжаров, Ердос Шәріпбек те жеңістің биік тұғырынан көрінді.
Жалпы ақтық нәтижеге көз салсақ, 8 алтын, 6 күміс, 14 қола медаль иеленген жамбылдық жасөспірімдер жалпыкомандалық есепте де топ жарып, өздерінің шын мықты екендіктерін дәлелдеді.

Табиғат АБАИЛДАЕВ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support