- Advertisement -

Қазақстан Президенті мемлекеттік сапармен Ташкентке келді

28

- Advertisement -

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат — Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Өзбекстан Республикасына келді, деп хабарлайды ҚазАқпараттың арнаулы тілшісі.

Жексенбі күні Қазақстан Президентінің ұшағы И.Кәрімов атындағы Ташкент халықаралық әуежайына қонды.

Мемлекет басшысын Өзбекстанның Премьер-министрі Абдулла Арипов, Өзбекстанның Сыртқы істер министрі Абдуләзиз Камилов және Ташкент қаласының әкімі Джахонгир Артыкходжаев күтіп алды.

Ақорда баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сапар барысында екі елдің Президенттері сауда-экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық және көліктік-транзиттік ынтымақтастықтың екіжақты өзара іс-қимылының өзекті мәселелерін, сонымен қатар өңірлік және халықаралық күнтәртіптің басты тақырыптарын жан-жақты талқылайтын болады.

Екіжақты кездесу барысында бірқатар маңызды құжаттарға қол қою да көзделген.

Мұнан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев  Өзбекстандағы Қазақстан жылының ресми ашылу салтанатына қатысады.

Авторы: Мирас Қуандықов

 

kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support