- Advertisement -

Өзбекстанның ұлттық порталы қазақ тілінде ақпарат тарата бастады 

49

- Advertisement -

© akorda.kz

Өзбекстанның ұлттық порталы қазақ тілінде ақпарат тарата бастады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

«Өзбекстандағы Қазақстан жылының жариялануына байланысты УзА ұлттық агенттігі қазақ тілінде ақпарат тарата бастапты. Бұл бауырлас елдер арасындағы достық қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтерген Елбасымыз Н.Назарбаев пен Өзбекстан Президенті Ш.Мирзиёевтің арқасы», — деп жазды Тоқаев.

 

Еске салайық, таяуда Ақорда сайтында 14-15 сәуір күндері Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы мемлекеттік сапармен Өзбекстан Республикасына баратыны хабарланған еді.

Келіссөздер барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен сауда-экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық және көлік-транзиттік салалардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған екіжақты ықпалдастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі басты тақырыптарды талқылайды.

Бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, Қ.Тоқаев пен Ш.Мирзиёев Өзбекстандағы Қазақстан жылының салтанатты ашылу рәсіміне қатысады.

 

tengrinews.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support