- Advertisement -

Тоқаев Ақтауда: Жемқорлық – батпандап кіріп, мысқалдап шығатын дерт

51

- Advertisement -

«Әділет жолы – ауыр жол», бірақ біз үшін одан басқа жол жоқ – мемлекет басшысы.

Сурет : Zakon.kz/Максим Золотухин12 Сәуір 2019, 12:05

Ақтауда Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғам өкілдерімен кездесуі өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шетелдегі қандастар туралы

– Шетелдегі қандастарымызды елге қайтару ісі ешқашан назардан тыс қалған емес, қалмайды да. Дүниежүзіндегі қандастарымыздың басын туған жерде біріктіру – біздің қасиетті парызымыз, – деді ҚР Президенті.

Әбіш Кекілбаев мұражайы туралы

– Киелі өлкеден шыққан айтулы тұлғаларды барша халқымыз жақсы біледі. Солардың бірегейі – заңғар жазушымыз, мемлекет қайраткері, қазақтың абызы атанған Әбіш Кекілбаев. Қазір Әбіш Кекілбаев музейі салынып жатыр. Облыс әкіміне құрылыс жұмыстарын сапалы және уақтылы бітіруді тапсырамын. Мерейтойды біз тұтас ел болып, жоғары деңгейде атап өтеміз, – деді ол.

Инфрақұрылым туралы

– Өңірдегі тағы бір маңызды мәселе – Жаңаөзен қаласын дамыту. Қала тұрғындарын жұмыспен, баспанамен қамту және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту – негізгі міндет. Бұл мәселе бойынша Үкімет кешенді жоспарын әзірледі. Оны міндетті түрде жүзеге асыру керек. Ақтау қаласында Жаңаөзен тұрғындарын жұмыспен, тұрғын үймен және жатақханамен қамтамасыз ету үшін квота қарастыру керек. Облыс жастарын тек Ақтауға ғана емес, еліміздің батысындағы кен орындарына, мысалы, Теңіз мұнай кенішіне барып, вахталық әдіспен жұмыс істеуге шақырамын, – деп мәлімдеді мемлекет басшысы.

Жемқорлық туралы

– Дана халқымыз айтқандай, «Әділет жолы – ауыр жол», бірақ біз үшін одан басқа жол жоқ. Әділеттілік – ауқымы кең ұғым. Бұл құндылық, ең алдымен, мемлекеттік саясатта басшылыққа алынуы қажет. Жемқорлық, бұл – батпандап кіретін, мысқалдап шығатын дерт. Осындай дертке қарсы мықты дәрі қолданбасақ, одан арылу мүмкін емес. Сондықтан, біз тиісті іс-шараларды одан әрі жүзе асыра береміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

zakon.kz 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support