- Advertisement -

Нью-Йоркте Димаш Құдайбергеннің шоу-концерті өтеді

32

- Advertisement -

Нью-Йоркте Димаш Құдайбергеннің шоу-концерті өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — Осы жылдың күзінде Нью-Йорктегі әйгілі «Madison Square Garden» алаңында әнші Димаш Құдайбергеннің шоу-концерті өтеді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық мәдениет пен өнерді танытуда Димаш Құдайбергеннің орасан зор жетістіктері барша халықты қуантады. Министр бір сөзінде Димаштың жеке концертін АҚШ қалаларында өткізу туралы айтып қалған еді. Бұл қаншалықты мүмкін? Келіссөздер басталды ма? Димаштың әлемдік турне аясындағы келесі концерті туралы Арыстанбек Мұхамедиұлы не айтады? Мәдениет және спорт министрі осы сұрақтарға жауап берді.

Арыстанбек Мұхамедиұлы Димаштың әлемдегі жанкүйерлері артып келе жатқанын атап өтті.

«Иә, расында да Димаш Құдайберген әлемді өз өнерімен тамсандырып, тыңдармандардың жүрегін жаулап алды. 2018 жылдың 19 қарашасында министрлік Лондонның «Indigo at the O2» ең үлкен сахнасында Димаштың жеке концертін ұйымдастырды. Сонымен қатар, Мәдениет және спорт министрлігі 2019 жылдың III тоқсанында Нью-Йоркте әлемге әйгілі «Madison Square Garden» алаңында Димаш Құдайбергеннің айрықша шоу-концертін өткізбек. Бүгінгі таңда аталған шоуды ұйымдастыру жұмыстары басталып кетті», — дейді министр.

Айта кетейік, ҚазАқпарат тілшісінің Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен толық сұхбаты ертең жарияланады.

 

kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support