- Advertisement -

Шешімді толық қуаттаймын

31

- Advertisement -

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Үндеуін жариялап, Конституцияға сәйкес кезектен тыс президент сайлауын екі айдан кейін өткізу туралы мәлімдеді.
Мұндай аса жауапты шешімді қабылдау үшін Елбасымен ақылдасып, Конституциялық Кеңес, Парламенттің қос палатасының спикерлерінен бастап жан-жақты сараланғаны, салмақталғаны айтылды. Демократиялық үдерістерге сəйкес, Қасым-Жомарт Кемелұлы атап өткендей, сайлау таза, ашық əрі əділ өтпек. Осылайша еліміздің Орталық сайлау комиссиясы алдына барынша жариялылықты қамтамасыз ету жəне өзге де қажетті шараларды толықтай ескеріп, сайлауды жоғары деңгейде ұйымдастыру міндеті қойылып отыр.
Біз – бейбітсүйгіш халықпыз. Тәуелсіздігімізді қасиет тұтамыз. Елбасымыздың салып кеткен сара жолымен қарыштап дамып келе жатырмыз. Бұл саяси науқан еліміздегі демократияның қандай деңгейде екенін жалпақ əлемге танытады деген ойдамын. Ел азаматтары да әділдік пен татулықты ту қып ұстап, ынтымақ-бірлікте алдағы асулардан өте біледі деп сенемін. Өйткені Қазақстан өзінің өркениетті жолдағы республика екенін осы сайлауда тағы бір көрсететін болады. Осы арқылы қазақ елі көшіміздің түзу, ынтымағымыздың берік, бағдарымыздың айқын, келешегіміздің жарқын екенін тағы бір айғақтай түседі. Сондықтан өз басым Қасым-Жомарт Кемелұлының жариялаған Үндеуінің мазмұнын терең ұғынып, қабылдаған шешімін толықтай қуаттаймын.

Берік ҚАЛИЕВ,
«Асқақ рух – еркін ел» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.

Жамбыл ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support