- Advertisement -

Тұрмыстық өмірде газдың шығуы анықталған жағдайда қандай әрекет ету қажет

273

- Advertisement -

Газды, электр энергиясын, жылыту құралдарын және басқа да тұрмыстық жабдықтарды мұқият және абайлап пайдалану – өрттің алдын алу үшін қажетті шаралар болып табылады,

Сурет : Алматы облысы ТЖД Баспасөз қызметі29 Наурыз 2019, 12:11

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті тұрмыста газдың шығуы анықталған жағдайдағы іс-әрекет тәртібін естеріңізге салады. Бұл туралы Zakon.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жылыту пештері мен электр плиталарымен қатар газ плиталары да кеңінен қолданылады. Газ құралдарының ақаулы күйі немесе дұрыс пайдаланбау ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін, сондықтан газ құралдарының иелері бұл мәселеге ерекше назар аударуы керек.

Жылыту және тұрмыстық қажеттіліктерге қолданылатын газ ауамен белгілі бір пропорцияда араласып, жарылғыш қоспа түзеді. Газ құбырының ақаулығынан немесе тұрғындардың бейқамдығынан үй ішіне кірген газ жарылысқа әкеп соқтыруы мүмкін. Ол үшін аз ғана от көзі – сіріңкенің немесе электр жарығы сөндіргішінің ұшқыны жеткілікті.

Газдың шығуы не ұмытшақтықтың салдарынан, не газ құбырларының, аппаратураның және газ аспаптарының ақаулары салдарынан болатындығын есте сақтау қажет.

Газ есептегішінің шығынын анықтау немесе көрсеткіштерін алу үшін жанған сіріңкені немесе шамды пайдалануға тыйым салынады. Жанарғының жалынын үрлеуге болмайды – бұл жалынды өшіргенімен, келіп тұрған газ үй ішіндегі ауамен қоспадағы жарылыс қаупі бар газ концентрациясын құрайды. Сондықтан газ жабдығы орнатылған үйлерді мұқият желдету қажет: егер үй іші жақсы желдетілетін болса, онда одан ластанған (газдалған) ауа қарқынды шығып, төтенше жағдайды болдырмайды.

Оқыс оқиға орын алған жағдайда қолданылатын іс-әрекеттер тәртібі:

1. Жарық пен электр құралдарын қоспаңыз, телефонды пайдаланбаңыз;

2.​Газ беру кранын жабыңыз. Барлық терезелер мен есіктерді ашыңыз (өтпе жолдар жасаңыз), барлық бөлмені мұқият желдетіңіз;

3.​Егер газдың иісі кранның жабық жағдайында қалса, барлық адамдарды бөлмеден шығарып, бөлменің сыртында орналасқан есептегіш аспабы арқылы электр қуатын ажыратыңыз;

4.​Уланып қалмау үшін ылғал матаның бір бөлігі арқылы дем алыңыз;

5.​Үйден алыс жерде көршілердің телефонын пайдаланып немесе ұялы телефоннан шұғыл түрде «104» телефоны арқылы апаттық газ қызметін шақырыңыз.

Газды, электр энергиясын, жылыту құралдарын және басқа да тұрмыстық жабдықтарды мұқият және абайлап пайдалану – өрттің алдын алу үшін қажетті шаралар екендігі есіңізде болсын!

zakon.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support