- Advertisement -

Шекарашылар латын әліпбиін үйренуде

29

- Advertisement -

Латын әліпбиіне көшу – уақыт талабы. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің кестесін жасап, алдағы екі жылда ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстар жүргізу керектігі жөнінде атап айтқан болатын. Бүгінгі күні бұқаралық ақпарат құралдары мен зиялы қауым өкілдері арасында кеңінен талқыланып жатқан мәселелердің бірі – қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру үрдісі. Себебі жазу – белгілі бір әріптердің жиынтығы ғана емес, ұлттың өзіндік болмысын танытатын таңбалар жүйесі, сол ұлттың тарихы, мәдениетінің таңбаланған жәдігері. Әр халықтың рухани, мәдени өсуі, ғылымы мен білімінің, барлық саладағы даму деңгейін көрсететін маңызы зор әлеуметтік-мәдени құбылыс, жазу арқылы өткен мен бүгінгі және болашақ өміріміз жалғастық табады. Ол – ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ететін алтын көпір. Ал жазудың өзгертілуі сол халықтың қоғамдық өмірінің барлық саласына, рухани әлемі мен мәдени деңгейіне, тіпті әлеуметтік психологиясына әсер етеді.
Осы орайда жақында тәрбие, әлеуметтік-құқықтық және идеологиялық жұмыстар бөлімінің ұйымдастыруымен 2035 әскери бөлімі басқармасы мен гарнизон бөлімшелерінің жеке құрамымен облыс әкімдігінің «Тілдерді оқыту орталығының» аға әдіскер маманы Хафиза Ахметова «Қазақ әліпбиінің латын графикасына өтуінің негізгі себептері мен латын әліпбиі туралы» ақпараттық-тәрбие жұмысын өткізді. Сабақ өткізу барысында латын әліпбиін үйретіп, диктант қабылдады. Барлық қатысушыларға А4 форматтағы латын әліпбиін таратып берді.

Айнұр ЖАПБАРОВА,
2035 әскери бөлімінің аға офицері.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support