- Advertisement -

ӘУЛИЕ БҰЛАҚТА НЕ СЫР БАР?

485

- Advertisement -

Біздің аудан шөл және шөлейтті аймақ болғанымен, шипалы суларымен де белгілі. Тамды ауылына жақын орналасқан «Қотырбұлақ» әулие бұлағы туралы зерттеушілер көптеген қызғылықты материалдар жинаған. Мәселен, филология ғылымдарының докторы, профессор Жанғара Дәдебаев «Талас аңыздары» кітабында, Сәулембай Әбсадықұлы Талас ауданының 90 жылдығына арналған жинақ кітапта кеңінен зерттеу мақалаларын жазды. Мені қызықтыратыны, бұл мекендегі бұлақтың топонимі болып отыр. Медицина ғылымы қанша дамыса да, кейбір ауруларға шамасы келмей жататын жағдаяттары да аз емес. Тері ауруларының да жазылуы оңай емес екендігі белгілі. Тері аурулары туралы мақал-мәтелдер бұл дерттің халыққа біраз әуре әкелгенінен хабардар етіп тұрғандай және айта кетерлігі түрлі сықпамайлар, дәрі-дәрмектер сатып алу да науқастардың қалтасына аз салмақ түсірмейді.
Әулие бұлақ басында отыратын шырақшылар айтатын әңгімелері қиял-ғажайып ертегілері секілді көрінгенімен, «Қотырбұлақ» суына үш рет түсіп, балшығын жарасына жаққан адам құлан-таза айығып кетеді екен. Сондықтан Қазақстанның түкпір-түкпірінен ғана емес, Ресейден де ем алушылар қатары күннен-күнге артып келеді.
Ендігі жерде бір мәселе – бұлақ суының құрамын тексеріп, шын мәнінде қандай ауруларға ем болатыны турасында нақты ғылыми-зерттеулер жүргізілсе. Бұл жердің иесі кім? Мемлекет меншігіндегі, тіпті жекенің иелігіндегі жер болса да бұлақ төңірегінен емдеу-сауықтыру орнын ашса қалай болар екен? Ондай күн туып жатса жергілікті бюджетке жыл сайын қомақты қаржы құйылар еді.

Алима ЖҰМАБАЕВА,
Қаратау технология, білім және
бизнес колледжінің директоры.

Талас ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support