- Advertisement -

Көктемнің әр күні жылға азық

62

- Advertisement -

Биылғы егіс жұмыстары Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында басталғаны – жақсылықтың, молшылықтың жаршысындай. Халқымыз «көктемнің әр күні жылға азық» демекші, ауа райының қолайлы сәтінде дәнді жерге сіңіруге тырысқан жөн.
Былтыр 400 гектар алқапқа күздік бидай сеуіп, одан 1160 тонна өнім жинаған болатынмын. Өнім орта есеппен гектарына 28 центнерден айналды. Былтыр күзде 500 гектарға бидай септім. Ал қазір 200 гектарға арпа себу жұмыстарын бастап кеттік.
Бұдан бөлек, 30 гектарға қант қызылшасын, 50 гектарға жүгері дәнін себу жоспарлануда. Бұл дақылдарға тамшылатып суғару технологиясын қолданғалы отырмын.
Жоғары өнімділікке қол жеткізу – диқанның ерен еңбегін қажет ететіні белгілі. Шаруашылық ісі алға басу үшін техника да сай болуы керек. Онсыз ұзаққа бара алмайсың. Бар жұмысы техникаға қарап тұр. Сондықтан да техника базасын жаңартып отыру біздің назарымыздан тыс қалған емес.
Былтыр «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы арқылы несиеге «Вектор» маркалы комбайнын сатып алдық. Несиені жеті жылда жабамыз деп отырмыз. Соңғы үлгіде жарақтанған техниканың артықшылығы көп-ақ. Онда бункердегі дәннің деңгейін, тіпті ауа қысымын бақылайтын компьютер жүйесі орнатылған. Бәрін сол арнайы кабинадағы монитордан көріп, бақылап отыруға болады. Ору жылдамдығы да жоғары. «Вектордың» бір артықшылығы – дәнді-дақылдың кез келген түрін жинай береді.
Қазір алқап басында қызу жұмыс жүріп жатыр. Жауынсыз күнді орайлы пайдаланып, дәнді сеуіп алу үшін барлық техниканы жұмылдырып отырмыз. Бүгінге 100 гектарға дән себіліп үлгерді. Қалған алқапты екі-үш күнде аяқтауды жоспарлаудамыз. Алла нәсіп етсе, орақ кезінде мол өнім алып, еңбегіміздің жемісін көреміз деген үміттеміз.

Дүйсехан ӨҢГЕЛДИЕВ,
«НұрАл» шаруа
қожалығының жетекшісі.

Қордай ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support