- Advertisement -

Наурыз – құт-береке бастауы!

64

- Advertisement -

Құрметті жамбылдықтар!
Табиғат қайта түлеп, көктемнің арайлы шуағымен нұрланып жеткен Наурыз мерекесі баршамызға құтты болғай!
Наурыз – ақтың молаятын, тіршіліктің жаңаратын, табиғат әлемінің теңесетін кезеңі.
Әз Наурыз – ғасырлар қойнауынан бастау алған, салт-дәстүрімізді танытқан ұлы мұра. Мәні де, сипаты да, бәрі де ерекше елдің сүйікті мерекесіне айналды.
Қасиетті Жамбыл жерін мекендейтін 80-нен астам этнос өкілдері дархан пейілмен дастарқанын жайып, жылылыққа толы тілектер айтады.
Ұрпағына ынтымақ пен бірліктің, қайырымдылық пен мейірімділіктің үлгісін көрсетеді.
Осынау әрбір игі істің, ата дәстүрдің астарында ғасырлар бойы сабақтастығын үзбей жеткен Ұлы Даланың даналығы, халқымыздың өшпес өсиеті жатыр.
Ұлы Даламыздың тарихына көз жүгірткен, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы Даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалаларының бағыты бүгінгі әз Наурыз мерекесінің де ұлттық сипатымен ұштасып отыр.
Ел игілігі жолында аянбай еңбек етіп, ортақ мақсатқа жұмыла кіріссек халықтың дастарқаны дәмге, шаңырағы ырысқа толы осындай берекелі ғұмырымыз баянды болатыны сөзсіз.
Бүгінде әз Наурыз мейрамы өңірімізде 14-22 наурыз аралығында тоғыз күн бойы әр күннің ерекшелігі ескеріле отырып, аталып өтуде. Бұл халқымыздың ежелгі тұрмысындағы үлкен мәнге ие игілікті күндер.
Қасиетті Наурыз мерекесі баршаңызға жаңа жетістіктер мен жеңістер, молшылық пен татулық әкелсін. Еліміз тыныш, әрбір жаңа күн барлық отбасына шадыман шаттық пен бақ-береке сыйласын!
Ұлыстың ұлы күнінде айтылған барлық тілек қабыл болсын!
Ақ мол болсын!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Асқар Мырзахметов,
облыс әкімі.
Бағлан Қарашолақов,
облыстық мәслихаттың хатшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support