- Advertisement -

Берекелі,мерекелі дастархан

61

- Advertisement -

«Береке» күні Тараз қаласының «Қант зауыты», «Құмшағал» шағын аудандарында және Сәтпаев көшесіндегі коммуналдық базарда ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Онда тұрақтандыру қорының тізбесіндегі арзандатылған азық-түлік тауарлары қойылған. Жәрмеңкеде 15 өңдеуші кәсіпорын мен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің саудасы қызды.
Жәрмеңкеде шаһардың тауар өндірушілеріне өнімдерді тұтынушыларға тікелей, ешқандай делдалсыз өткізуге мүмкіндік туып, сауда орындары тегін ұсынылды. Сондықтан тауар бағалары нарықтың құнынан 10-20 пайызға төмен болды.
Берекелі жәрмеңкеге жалпы сомасы 15 миллион теңгені құрайтын 59,9 тонна азық-түлік алып келінген. Оның ішінде 1,5 тонна сүт, 2 тонна шұжық өнімдері, 3 мың дана жұмыртқа, 1 тонна қарақұмық, 1 тонна күріш, 5 тонна қант, 1,5 тонна өсімдік майы, 0,5 тонна балық, 0,5 тонна бал, 0,3 тонна кондитерлік, 0,5 тонна макарон, 0,1 тонна тұз, 0,5 тонна кептірілген жеміс, 5,5 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері бар.

 

Қарлығаш Есбергенова

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support