- Advertisement -

Ақмолада бес аудан қауіпті жағдайда

35

- Advertisement -

Ақмола облысындағы Жабай өзені биыл да «жабайылығын» танытуы мүмкін. Өзенге таяу орналасқан Сандықтау мен Атбасар аудандары – құтқару қызметінің тілімен айтсақ қауіптіліктің қызыл деңгейінде тұр. Оған басты себеп, биыл 2018 жылмен салыстырғанда қар 15-20 пайызға артық жауған. Апаттың алдын алу үшін осы өзенде мамандар жару жұмыстарын бір апта бойы жүргізді.

Ақмолада бес аудан қауіпті жағдайда

Сандықтау ауданы бойынша 2000 шаршы метр, Атбасар ауданы бойынша 5000 шаршы метр мұзды арнайы мамандар жарыпты.2017 жылы Сандықтау мен Атбасар аудандары бойынша 600 жуық отбасы тасқыннан баспанасыз қалған болатын. Биылғы жылы сақтық шараларын күшейтпесе Ақмола облысының бірнеше ауданы зардап шегуі мүмкін.

Ақмолада бес аудан қауіпті жағдайда

«Ақмола облысы бойынша 5 аудан: Сандықтау, Атбасар, Астрахан, Қорғалжын және Целиноград қауіптіліктің қызыл деңгейінде тұр. Арнайы жасақтарды бақылау-қадағалау жұмыстарына дайындап жатырмыз», — дейді Ақмола облысы ТЖД басшысы Алексей СОВЕТОВ.

Мұнан өзге су қоймаларынан да қауіп бар. Ернеуінен асқан Шағалалы су қоймасы 2017 жылы Көкшетау маңайындағы Красный Яр ауылын біраз әбігерге салған болатын.

Ақмолада бес аудан қауіпті жағдайда

«Сақтық шараларын күшейтіп жатырмыз. Су қоймасының қалыпты сыйымдылығы 28 млн. текше. Қазір деңгейін 50 пайызға ортайттық»,– дейді су қоймасының директоры Арман УӘЛИЕВ.

Фотолар автордікі.

 

zhasalash.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support