- Advertisement -

Жүргенімде арасында әрненің

75

- Advertisement -

Елдар Боранбек.

Жүргенімде арасында əрненің…
Жоқ демеймін адамдарға жəрдемім.
Бəсіремді басқа ауыздан көргенде,
Күресетін қасиетім бар менің.

Жүргенімде арасында əрненің,
Тəубе толы «тəспих» тартқан əр демім.
Есті адамды елемесе ессіздер,
Ерегісер қасиетім бар менің.

Тиесіні өзгелерден қызғанғам,
Өктемдерге өзімшілмін бұлданған.
Аласамын адамдардан ғана мен,
Шын өмірдің батпағына былғанған.

Жақсылардың жағасына төнбедім,
Құнсыздардың құлдығына көнбедім.
Қаламында қалғып, қағаз оятқан,
Періште емес, ақын деген пендемін.

Жан емеспін құзар шыңнан құр қалған,
Тастүлекпін, таңдайына жыр қонған.
Шырша да емес, шыңда өскен шынармын,
Бəйтеректің тамырынан бүр жарған.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support