- Advertisement -

Теннис: Бублик Майами турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады

27

- Advertisement -

Теннис: Бублик Майами турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат  — Қазақстандық теннисші Александр Бублик Майами турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші жартылай финалда литвалық Ричардас Биранкиспен күш сынасты.

А.Бублик дүниежүзілік рейтингте 131-орында болса, қарсыласы 82-сатыда еді. Соған қарамастан, Александр матч барысында таразы басын өзіне аудара біліп, 7:5, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Бәсеке сағат жарымға созылды.

А.Бублик енді іріктеу сайысының финалында әлемнің 97-ракеткасы, ұлыбританиялық Дэниел Эванспен күш сынасады. Оны жеңсе, жүлде қоры 8,3 млн АҚШ долларынан асатын негізгі турнирге жолдама алады.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 43-ракеткасы Михаил Кукушкин негізгі турнирде аргентиналық, рейтингте 80-орындағы Гвидо Андреоццимен кортқа шығады.

Әйелдер арасында Майами турнирінде іріктеу сайысының жартылай финалында қазақстандық, әлемнің 92-ракеткасы Зарина Дияс, өкінішке қарай, Польша елінің өкілі, рейтингте 121-орындағы Ига Свёнтектен жеңіліп қалды. Қазақстанның бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Юлия Путинцева жарысты негізгі турнирден бастап, алғашқы айналымда бельгиялық, рейтингте 56-орында тұрған Кирстен Флипкенспен шеберлік байқасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Михаил Кукушкин АҚШ-тағы Финикс турнирінің финалында есе жіберген еді.

kazinform.kz

 

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support