- Advertisement -

Меркідегі елді мекендердің 86,3 пайызы газбен қамтылған

26

- Advertisement -

Ауданда 44 елді мекен бар. Олардың 38-іне жоғары және орта қысымды газ құбыры тартылған. Қарасу, Ақкөзқайнар, Жауғаш батыр, Мыханды елді мекендері және Тасөткел, Шемен разъездерінде 10-45 ауладан ғана бар. Оларға 2025 жылға дейін «көгілдір отын» жеткізу жоспарланған. Ірі әлеуметтік нысандарға да газ жеткізу үшін Андас батыр ауылындағы «Нововоскресеновка» газ реттегіш стансасы күрделі жөндеуден өткізіледі. Оның жобалық-сметалық құны – 776800 мың теңге. Бұл мақсатқа 2017 жылы облыстық бюджеттен 70 миллион теңге бөлініп, жаңғырту жұмыстары басталған. Биыл станса құрылысына республикалық бюджеттен 676843 мың теңге бөлінеді. Күрделі жөндеу жұмысы аяқталған соң келешекте аудан аумағындағы Тәтті, Қарасу, Ақ жол, Беларық, Ақермен, Алтынарық, Аспара, Қайыңдысай және Кеңес ауылдарында орналасқан 15 әлеуметтік нысан мен 655 аула толық газға қосылады.
Аудандағы бірқатар елді мекендерде кезінде тұрмысы төмен біраз отбасылар «көгілдір отынды» кіргізе алмай қалған болатын. Қайырымды азаматтардың көмегі және демеушілігімен осыған дейін 224 отбасы оған қол жеткізген. Қазір Сарымолдаев ауылындағы Ращупкин көшесіне газ реттегіш қондырғы орнату үшін жобалық-сметалық құжат әзірленіп, ол мемлекеттік сараптамадан өткізілуде. Биыл Ақкөз, Қайнар ауылдарын орталықтандырылған газ құбырына қосу үшін жобалық-сметалық құжат әзірленетін болады.

Меркі ауданы.

Ақылжан Мамыт

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support