- Advertisement -

Қазақстан Республикасының 2019 жылға арналған ақша-кредит саясатының негізгі бағыттары туралы

94

- Advertisement -

АКС-тың негізгі бағыттары – Ұлттық Банк жыл сайын әзірлейтін құжат. Құжатта өткен жыл үшін ақша-кредит саясатының нәтижелері және алдағы кезеңге арналған негізгі бағыттар қамтылады.
Ұлттық Банктің ақша-кредит саясатының негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Инфляциясы тұрақты түрде төмен макроэкономикалық орта құру экономиканың орнықты дамуының маңызды алғышарттарының бірі болып табылады.
2018 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қазақстан Республикасының 2019 жылға арналған ақша-кредит саясатының негізгі бағыттарын мақұлдады. Құжатта ақша-кредит саясатының 2018 жылғы шаралары, сондай-ақ саясаттың 2019 жылға арналған нысаналы бағдарлары, қағидаттары мен бағыттары қамтылған.

Нысаналы бағдар және
саясат қағидалары
2019 жылы ақша-кредит саясаты инфляциялық таргеттеу қағидаттарына сәйкес жүргізіледі. Ұлттық Банк шаралары 2020 жылы инфляцияның 4%-дан төмен, бірақ оған жуық мәнге дейін үдемелі төмендеуіне және инфляцияны аталған деңгейде одан әрі ұстап тұруды қамтамасыз етуге бағытталатын болады. Ұлттық Банк орта мерзімді стратегияға сәйкес 2019 жылы инфляцияның нысаналы дәлізін 4-6%-ға дейін бір пайыздық тармаққа төмендетеді.

Ақша-кредит саясатын
жүргізу жағдайлары
Салық-бюджет саясатының әсер етуіне ықпал ететін екі маңызды арна бар. Біріншісі – көңіл бөлінетін салалардың біртіндеп ауысуы және бюджет шығыстарының әлеуметтік бағытының басым болуы (зейнетақы мен жәрдемақыны үнемі индекстеу, базалық зейнетақы төлемін белгілеу тәсілдерін бір рет қайта қарау (алдағы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің жалақысын орташа алғанда 35%-ға көтеру, қосымша әлеуметтік жәрдемақылар енгізу).
Әсер ететін екінші арна мемлекеттік бюджеттің айтарлықтай тапшы болуымен байланысты. Экономиканың өсуін ынталандыру жөніндегі белсенді бюджет саясаты банк секторының жоғары өтімділігіне қолдау көрсетудің маңызды факторларының бірі болып табылады. Бұл ретте кепілдік берілген трансферттің мөлшері белгіленген бюджет қағидасы әлеуетті тұрғыдан, әсіресе мұнай бағасы қолайлы болған кезде проциклдық сипатқа ие болады, бұл ақша-кредит және фискалдық саясаттарының мұнай бағасы түскен кезде макроэкономикалық тәуекелдерді басқару мүмкіндіктерін шектейді.
Соның салдарынан, жиынтық сұраныстың кеңеюі инфляцияның өсу (немесе жеткіліксіз түрде жылдам төмендеу) және ол бойынша нысаналы өлшемдерге қол жеткізбеу тәуекелдерін күшейтеді.

Ақша-кредит саясатының трансмиссиялық тетігін дамыту
Ұлттық Банк еркін өзгермелі айырбастау бағамының режімін жалғастырады. Сонымен қатар ақша-кредит саясаты құралдарының пәрменділігі көбінесе трансмиссиялық тетік арналарының тиімділігіне қатысты болады, олар арқылы Ұлттық Банктің ішкі экономикалық процестерге, оның ішінде инфляцияға ықпалының белгілері беріледі. Ақша-кредит саясатының трансмиссиялық тетігінің әрбір елде экономика мен қаржы секторының ерекшелігіне және құралымына байланысты ерекшеліктері болады. Қазақстан үшін өткізу тетігінің мынадай арналарын бөліп көрсету әділетті болады: пайыздық мөлшерлеме арнасы, кредиттік арна, айырбастау бағамы арнасы, инфляциялық күтулер арнасы.

Құжатпен толығырақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында «Ақша-кредит саясаты» бөлімінен танысуға болады (https://nationalbank.kz/?docid=320&switch=kazakh)

Райгүл Бәзілова,
ҚР Ұлттық Банкі
Жамбыл филиалы
директорының орынбасары.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support