- Advertisement -

Жарқын істердің ұйытқысы

31

- Advertisement -

Биыл жастарға жаңа мүмкіндіктерге жол ашылатынына сенім мол. Қазір әр өңірде жас кәсіпкерлерге, жас таланттарға қолдау көрсету мақсатында көптеген шаралар қолға алынуда. «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» – соның бірі. Бұны өскелең ұрпақтың болашағын ойлаған әлеуметтік бағдарлама деуге болады. Мәселен, білімге ден қойған талапкерлерге арналған мемлекеттік оқу гранттарының саны көбейді. Бұл – өз күшімен жетістікке жетуге талпынған жастардың арманы еді.

Екіншіден алдағы уақытта жатақхана мәселесі шешімін таппақ. Сонымен қатар жұмыс істеп жүрген, аз жалақы алатын жастар 10 пайыздық кіріс салығынан босатылды. Бүгінде жас мамандардың, соның ішінде ұстаздық жолды таңдағандардың қатары жыл сайын артып келеді. Бұл қуантарлық жайт. Себебі жастар – өзгерістерге тез бейімделетін, жаңа білімді жеңіл меңгеретін қоғамның ең белсенді және ұтқыр бөлігі.
Мұғалім – тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалайтын маман. Өйткені жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші – ұстаздардың қолында. Ұстаз! Бұл есімдерді жадыңда тұт. Өз мамандығыңды мақтаныш ете біл. Ал жас мұғалімдерге аудандық білім бөлімінің кәсіподақ ұйымының «Жастар қанаты» қолұшын созуға қашанда даяр.
Бір айта кететіні, биыл аудандық білім бөлімінің кәсіподақ ұйымының төрайымы Айнұр Баймұратованың бастамасымен «Жастар қанаты» құрылған болатын. Ондағы мақсат – жас мұғалімдерге қолдау көрсету, олардың әлеуметтік мәселелерін анықтап, атқарушы билік органдарының назарына ұсыну. Біз осы бағыттағы жұмысты бастап та кеттік. Ақпан айында аудан көлемінде жас педагогтердің басын қосып, «Жастар – кемелді болашақ үшін!» атты жастар форумын өткіздік. Бұған мұрындық болған, әрине, комитет төрайымы.
Кәсіподақ ұйымдарының жұмысы барлық саланы қамтиды. Оның ішінде қоғамның негізгі күші жастар болғандықтан әрі Жастар жылы аясында барлық басымдық жастарға берілетіні мәлім. Әрбір жас маман өзінің құқығын біліп, тәуелсіз қазақ елінің жалынды жастарының қатарын көбейтіп әрі қарай еліміздің қарқынды дамуына үлес қосса, біздің жетістігіміз де осы болмақ. Сондықтан кәсіподақ ұйымының «Жастар қанаты» ізденемін, табысқа қол жеткіземін деген жас мамандарға арнап өз жоспарын жасады. Біз ұсынып отырған жобаның бірі – туған жеріміздің, ауданымыздың көрікті жерлерімен танысуға арналған тур-саяхат маршруты.
Алдағы уақытта біз мамандардың жас ерекшеліктерін ескеріп, еңбек өтілін есептей отырып жаңа ғылыми конференция жұмысының бағдарламасын, түрлі сайыстар мен байқаулар ұйымдастырмақпыз. Бұл педагогтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етері анық. Олар осы арқылы өздерін жаңа қырынан танытып, жаңа жетістіктерге қол жеткізулеріне, өз идеясымен бөлісуіне мүмкіндік береді.
Жастардың әр сөзі құнды, әр еңбегі маңызды. Біздің арамызда әнші де, технолог та, роботехника саласының мамандары да, ақындар да, тағы да басқа таланттар бар. Міне, осындай талапты жандар – ел үздіктері. Олар озық технологияларды жасаушылар. Қазақстан интеллигенциясының құрамын көбейтіп, сегіз қырлы бір сырлы, Елбасы көрсеткен жолмен елді әлемге танытатын талғамы биік, талабы мен арманы асқақ азаматтар. Мақсатымыз – сол қабілеттілерді көрсетіп, белсенді болып, ізденуге шақыру. Себебі Жастар жылында әрбір жастың атсалысуы, қоғам болып жұмылуы маңызды.
Бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыратын, заман талабына жауап бере алатын–тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалаушы жас маман! Сондықтан жас мұғалімдер заманауи өзгерістер мен жаңарудан қалыс қалмай, бәсекеге қабілетті болуға міндетті. Себебі біздің көз алдымызда жаңа жаһандық өркениет қалыптасуда. Цифрлық қоғамның, экономика мен білімнің дәуірі келе жатыр.

Гүлнұр Әділова,
аудандық білім
қызметкерлері
кәсіподақ ұйымының «Жастар қанаты» кәсіподақ ұйымының төрайымы.

Т.Рысқұлов ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support