- Advertisement -

Хоккей: «Арлан» «Номадты» ұтты

27

- Advertisement -

Хоккей: «Арлан» «Номадты» ұтты

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат — Көкшетаудың «Арлан» ХК өз айдынында Астананың «Номад» командасын ұтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Қазақстан чемпионатының плей-офф кездесуінде қос команданың ойыншылары да алғашқы минуттан шабуылға шықты. Алайда, қонақтар айдын иесінің қақпашысынан айласын асыра алмады. Гасниковтың салған шайбасы бірінші таймда «Арландықтарды» 1:0 есебімен алға шығарды. Екінші таймда ойын алма-кезек шабуылмен өтті. Қос команда ойыншылары қанша тырысқанымен таблодағы есеп өзгерген жоқ.

Ал үшінші таймда  айдын иелері ширақ қимылдап есепті еселей түсті.

Осылайша, матчтың қорытындысы бойынша «Арлан» ХК 2:0 есебімен маңызды жеңіске қол жеткізді. Ертең наурыздың 18-де сағат 19:00 қос команда өзара тағы бір матч өткізеді.

Еске сала кетейік, Көкшетаудың «Арлан» хоккей клубы биыл ел тарихында тұңғыш рет Құрлық кубогын жеңіп алған болатын. Алыстағы Ирландияда өткен финалдық кездесуде «Арлан» хоккейшілері айдын иелері — жергілікті «Белфаст Джайантс» командасынан басым түсті.

kazinform.kz

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support