- Advertisement -

«Барселонаға» 1/4 финалда «Манчестер Юнайтед» түсті

26

- Advertisement -

УЕФА Чемпиондар лигасының 1/4 және 1/2 финалының жеребесі тартылды.

Сурет : УЕФА сайты15 Наурыз 2019, 17:42

Швейцарияның Ньон қаласындағы УЕФА-ның штаб-пәтерінде Чемпиондар лигасының 1/4 финалының жеребесі тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл кезеңде бір елдің өкілдері бір-бірімен кездесе береді. Чемпиондар лигасының 1/4 финалының алғашқы кездесулері 9 және 10 сәуірде өтеді, қарымта кездесулер – бір аптадан кейін.

ЧЛ 1/4 финалының барлық жұптары мынадай болды:

«Аякс» (Голландия) — «Ювентус» (Италия)

«Ливерпуль» (Англия) — «Порту» (Португалия)

«Тоттенхэм» (Англия) — «Манчестер Сити» (Англия)

«Барселона» (Испания) — «Манчестер Юнайтед» (Англия).

«Тоттенхэм» — «Сити» жұбының жеңімпазы «Ювентус» немесе «Аякспен» кездеседі, ал «Барса» — «МЮ» екеуінің мықтысы «Ливерпуль» немесе «Портуға» шығады.

Алғашқы жартылай финалдық ойындар 30 сәуірде, қарымта кездесу — 7 мамырда өтеді.

Финал 2 маусымда Мадридтегі «Ванда Метрополитано» стадионында өтеді.

Чемпиондар лигасының соңғы үш кубогын «Реал» жеңіп алған, бірақ биыл испаниялық клубты жарыстан «Аякс» қағып тастады.

zakon.kz 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support