- Advertisement -

Қазақстанда 18 наурызда өтетін маңызды шараларға шолу

41

- Advertisement -

Қазақстанда 18 наурызда өтетін маңызды шараларға шолуАСТАНА. ҚазАқпарат — «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 18 наурызда өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

АСТАНА

Сағат 09.30-да Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елорданың Бас мешітіне тас қояды.

Сағат 10.00-де Мәжілісте «Үкімет сағаты» өтеді.

Сағат 15.00-де Сенатта ««Nur Otan» партиясының кезекті XVIII съезінде азаматтардың жеке санаттарын әлеуметтік тұрғыда қолдау бағытында тапсырған міндеттерін орындау» тақырыбында Үкімет сағаты өтеді.

Сағат 17.00 -де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы кітапханасында (Назарбаев орталығы) суретші, сәндік-қолданбалы өнер шебері Ботагөз Төлештің «Шексіз әлем» атты дербес көрмесінің ашылуы өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 11.00-де ҚР Ұлтты кітапханасында Наурыз мейрамына арналған «Ұлыстың ұлы күні — Наурыз» атты мерекелік шара өткізіледі.

Сағат 12.00-де ҚР Орталық мемлекеттік «Наурыздың бейнесі: көрмелер, шеберлік сыныптары, муей сабақтары» атты дәстүрлі шара өткізіледі. Наурыз мерекесіне орай «Сыр сақтаған сандықтар» атты сандықтар көрмесі ұйымдастырылады.

 

kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support