- Advertisement -

Кәсіпқой бокс: Мейірім Нұрсұлтановтың қарсыласы анықталды

24

- Advertisement -

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың кәсіпқой бокстағы келесі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлі бірде-бір мәрте жеңіліп көрмеген боксшы 24 наурыз күні АҚШ-тың Калифорния штатында орналасқан Голливудтағы Hollywood Fight Night шоуында айқас өткізеді. Оның қарсыласы — 32 жастағы пуэрторикалық Луис Эрнандес. Кездесу сегіз раундқа жоспарланып отыр.

Мейірім үшін бұл жолғы айқас — он бірінші кездесу. Бұған дейінгі 10 кездесуінің бәрінде де Мейірім Нұрсұлтанов жеңіске жетіп, оның сегізін уақытынан бұрын аяқтаған болатын. Оның қарсыласы 23 кездесу артық өткізіп, жеті мәрте жеңілген. 16-да жеңіске жеткен. Тоғызында Эрнандес қарсыластарын нокаутқа жіберген.

Аталмыш бокс кешінде қазақстандық Әли Ахметов те (13-0, 10КО) өнер көрсетеді. Отандасымыз екінші орташа салмақта жергілікті боксшы Майк Гаймен (9-3-1, 5КО) қолғап түйістіреді.

Еске сала кетсек, осы жылдың қаңтар айында Мейірім Нұрсұлтанов мексикалық Рамон Агинагиді екінші раундта нокаутқа түсірген болатын.

 

kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support