Қазақстанның 5 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Қазақстанның 5 қаласында ауа сапасы нашарлайдыАСТАНА. ҚазАқпарат — Бейсенбі, 14 наурыз күні Қазақстанның бірнеше қаласында жағымсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, ауа сапасы Қарағанды, Балқаш, Теміртау, Шымкент қалаларында, сондай-ақ түнде және күндіз Астана қаласында нашарлайды.

Еліміздің өзге шаһарларында атмосфералық ауаның ластануы күтілмейді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

 

kazinform.kz

Comments are closed.

микро займ на карту