- Advertisement -

Жас сарбаздар ант қабылдады

65

- Advertisement -

Марат ҚҰЛИБАЕВ

Ұлы Отан соғысы құрбандарына арналған «Мәңгілік алау» мемориалдық кешені алдында жас сарбаздардың Ант қабылдау рәсімі өтті. Оған «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебі» РМҚК Тараз филиалында әскери даярлықтан өткен 33 тәрбиеленуші мен олардың ата-аналары қатысты. Курсанттар алаң ортасына сапқа тұрғызылды. Жас сарбаздар үшін бұл рәсімнің маңызы зор. Өйткені болашағын әскери саламен байланыстырғысы келетін олардың бұл ең алғашқы сынағы. Сондықтан да жасындай жарқыраған, жасанған жауынгерлердің қай-қайсының да жүзінен ерекше толқуды аңғару қиын емес-ті.
Айтулы іс-шара Мемлекеттік Әнұранмен басталды. Бұдан кейін филиал директоры, запастағы подполковник Алексей Голубев құттықтау сөз сөйлеп, әскери қызметшіге жүктелер жауапкершілік пен антқа адалдықтың маңыздылығына тоқталып, жастарды Отанды, елді, жерді сүюге шақырды. Одан әрі сап түзеген жас сарбаздар бірінен соң бірі ортаға шығып, мектеп басшылығы мен ата-аналарының алдында Ант қабылдады.
Ант қабылдаған сарбаздарға осыдан соң арнаулы әскери-техникалық мектепті аяқтағаны туралы сертификат қоса тапсырылды. Енді олар қорғаныс істері бөлімдерінде әскери міндеттілер (жұмылдыру резерві) ретінде есепке алынып, алған сертификаттары негізінде әскери билетке ие болады.
Осынау мәні зор рәсімнің тікелей куәгерлері болған Тараз қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскери-патриоттық жұмыстар және ардагерлермен жұмыс жөніндегі инспекторы Н.Альяева мен ата-аналар тарапынан Г.Кушанова құттықтау сөз сөйлеп, жастар қадамына сәттілік тіледі.
Салтанатты шараның соңы әскери мектеп тәрбиеленушілерінің сапта жүру көрсетіліміне ұласты.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support