- Advertisement -

Арулар шықты алаңға

34

- Advertisement -

«Тараз – Арена» спорт кешенінде мемлекеттік қызметші арулар арасында волейболдан облыстық турнир өтті. Додаға облыс әкімі аппаратының, Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерінің, басқармалар мен департаменттердің намысын қорғаған 16 команда қатысып, жүлделі орындарды өзара сарапқа салды.
Арулар арасындағы аламанды облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасы мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті бірлесе ұйымдастырды.
Тартысты өткен жарыс қорытындысында облыстық қазынашылық департаментінің қыздары жеңіс тұғырынан көрінсе, Талас ауданынан келген арулар жүлделі екінші, қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің ұжымы үшінші орынды иеленді.
Турнирде үздік шыққан ұжымдар мен ойыншылар сый-сияпаттарға ие болып, жақсы көңіл-күймен тарқасты.

Табиғат АБАИЛДАЕВ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support