- Advertisement -

Кіші турда қарсылас шыдатпады

34

- Advertisement -

Волейболдан ұлттық лигада сынға түсіп жатқан «Тараз» кәсіпқой волейбол клубы кезекті кіші турда өздерінің шын мықты екенін дәлелдей білді. «Тараз – Арена» спорт кешенінде өткен додаға Шығыс Қазақстан облысының «Алтай», Павлодардың «Павлодар», Алматының «Буревестник» командалары келген болатын. Кіші тур аясында үш кездесу өткізген «Тараз» волейболшылары қарсыластарының барлығынан айласын асырып, маңызды ұпайларды қоржынға салды.
Алдымен «Буревестик», «Павлодар» командаларына қарсы алаңға шыққан «Тараз» волейболшыларының бойынан жеңіске деген құштарлық айқын сезіліп тұрды. Команданың волейболшылары шабуылда керемет ойын үлгісін көрсетіп қана қоймай, қорғаныста да сауаттылық танытты. Бойшаң жігіттеріміздің қойған тосқауылдары да көңілден шықты. Екі команданы да 3:0 есебімен ойсырата ұтты.
Шешуші ойында Шығыс Қазақстан облысынан келген «Алтай» командасымен кездескен жерлестеріміз тағы да жарқын мәнерде жеңіс тойын тойлады. Ә дегеннен ұпай қорын молайтып алған «Тараз» командасы бірінші кезеңде оңай жеңіске жетті. Екінші кезеңде «Алтай» ойыншылары тегеурінді қарсылық танытты. Десе де жергілікті команданың жампоздары шешуші сәтте жасындай жарқырап, 26:24 есебімен жеңісті жұлып алды. Үшінші кезеңде «Алтай» волейболшылары кәдімгідей сасқалақтап қалды. «Тараз» олардың олқылығын ұтымды пайдалана білді. Қорытынды есеп 3:0. «Тараздың» пайдасында.
Қазіргі кезде «Тараз» кәсіпқой волейбол клубы турнир кестесінде екінші орында келеді. Жақында үлкен тур ойындары өтеді. Сол кезде жерлестеріміз «ТНК» Казхром», «Есіл – СК», «Атырау», «Маңғыстау» командаларымен кездеседі. Әзірге «Тараз» волейболшылары «ТНК» Казхром» ұжымынан бір ұпай қалып тұр.

 

Табиғат АБАИЛДАЕВ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support