- Advertisement -

Роналду хет-трик жасап, «Ювентусты» ЧЛ 1/4 финалына шығарды 

56

- Advertisement -

«Ювентус» пен «Атлетико» арасында Чемпиондар лигасы 1/8 финалының қарымта матчы өтті, — деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Италиялық «Ювентус» өз алаңында испаниялық клубты 3:0 есебімен жеңді. Криштиану Роналду хет-трик авторы атанды. Ол 27-ші және 49-ші минуттарда баспен гол соққан. Ал 86-шы минутта пенальтиді дәл орындап, екі ойынның қорытындысы бойынша «Ювентусты» ширек финалға алып шықты.

Осыған дейінгі кездесуде «Атлетико» 2:0 есебімен жеңген еді. Осылайша «Ювентус» 3:2 есебімен келесі кезеңге өтті.

Қатар өткен басқа матчта «Манчестер Сити» 7:0 есебімен «Шалькені» ойсырата жеңді. Дубльді Серхио Агуэро жасады, ол 35-шы минутта айып добын соқты. 38-шы минутта ойын кезінде есептті тағы да өзгертті. Ал ойынның 42-шы минутында Лерой Сане көзге түсіп есепті ұлғайтты. Оған қоса ол үш нәтижелі пас шығарды. Қалған голдардың авторлары: 56-шы минутта — Рахим Стерлинг, 71-шы минутта — Бернарду Силва, 78-шы минутта — Фил Фоден, 84-шы минутта — Габриэл Жезус. Бірінші матчта 3:2 есебімен қонақта болған ойында «Сити» жеңіске жеткен. Қос ойынның нәтижесі бойынша 10:2 есебімен «Манчестер Сити» жеңді.

Бұған дейін «Манчестер Юнайтед» қонақта франциялық ПСЖ-ны 3:1 есебімен ұтып, қонақта соққан голының арқасында ширек финалға жолдама алған болатын. Екі ойыннан кейін 3:3 (0:2, 3:1) есебі тіркелді.

Ал португалиялық «Порту» италиялық «Романы» 4:3 (1:2, 3:1) есебімен жеңді. Англиялық «Тоттенхэм» немістің  «Боруссиясын» (Дортмунд) 4:0 (3:0, 1:0) есебімен ойсырата  ұтқан. Ал голландиялық «Аякс» испаниялық «Реалды» 5:3 (1:2, 4:1) есебімен жеңіп, Чемпиондар лигасының қазіргі жеңімпазын жарыстан шығарып тастады.

Чемпиондар лигасының 1/8 финалы «Барселона» (Испания) — «Лион» (Франция) және «Бавария» (Германия) — «Ливерпуль» (Англия) командаларының қарымта матчтарымен аяқталады.

tengrinews.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support