- Advertisement -

2018 жылы елден қанша адамның кеткені анықталды 

62

- Advertisement -

Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің өкілдері 2018 жылы елден қанша адамның кеткенін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдын ала мәлімет бойынша, 2018 жылы Қазақстаннан 41 894 адам кеткен. Олардың көбі ТМД елдеріне көшіп кеткен — 37 754 адам. Шығыс Қазақстан облысының 6 272 тұрғыны, Қостанайдың 6 057 тұрғыны және Қарағанды облысының 5 664 тұрғынының басқа елдерге кеткені айтылады.

Статистикаға сүйенсек, қазақстандықтардың көбі Ресейге кетіп жатыр. Онда 36 796 адам кеткен, Германияға 2 691 адам, Беларуське 343 адам және АҚШ-қа 339 адам кеткен.

Ал Қазақстанға келгендердің саны — 12 785 адам. Көбі Алматы қаласына көшіп келген — 1 817 адам. Бір жылдың өзінде Алматыға 1 447 адам келсе, Маңғыстау облысына 1 621 адам келген.

Сондай-ақ, Қазақстанға көбіне Өзбекстан ( 4 407 адам), Ресей ( 3 903 адам), Қытай (1 366 адам) және Қырғызстан ( 1 366) тұрғындарының келгені айтылады.

tengrinews.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support