- Advertisement -

Алматыда оңбай соғылған Mercedes-тің түгі қалмады

151

- Advertisement -

Жарақат алған төрт адам ауруханаға жеткізілді.

Сурет : instagram12 Наурыз 2019, 10:40

Алматыда автокөлік екіге қақ айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz @chp_kz парақшасына сілтеме жасап.

Оқиға Горная көшесінде, Бутаковканың бұрылысына таяу жерде болды.

Куәгерлер айтқандай, Mercedes Benz W124 Горная көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан. Жүргізуші рөлге ие бола алмай, көлік алдымен бір ағашқа, сосын екінші ағашқа соғылған. Қатты соққыдан мәшиненің алдыңғы жағынан түк қалмапты.

Жарақат алған төрт адам ауруханаға жеткізілді. Полиция мән-жайды анықтауға кірісті.

 

zakon.kz 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support