- Advertisement -

Қазақстаным

175

- Advertisement -

Жер тарпып өскен құлының белді,
Тұлпар ғасырдың дүбіріне ерді.
Шығысқа ағып, текес боп кеткен,
Балқаш боп қайта бір ұлың келді.

Көп көрдің елім безбен жауырды,
Соқтырған едің сөзбен дауылды.
Алатау сенің аппақ бұлтыңдай,
Мен төгіп алдым көзден жауынды.

Далаңды көріп жұмақ па деппін,
Қалаңды көріп жылап та кеттім.
Қазақтық бойдан жойылар сәтте,
Азаттық алып мұратқа жеттің.

Көк Туың тұрса желбіреп биік,
Ұрпақ жүр ұлтын елжіреп сүйіп.
Алланың саған пейілі түсті-ау,
Беріп жерін белгілеп қиып.

Өтсінші ұлың өр төсін бермей,
Атағың кетсін жер төсін ендей.
Жетпіс жыл бізді желкеден басқан,
Өтейік жаттың желкесін көрмей.

Ұрпаққа беріп таза күш, дарын,
Көрейік көкке балаң ұшқанын.
Тәуелді боп өт Аллаға ғана,
Тәуелсіз менің, Қазақстаным!

Жұматай Көксубай,
ТарМУ-дың 1-курс студенті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support