- Advertisement -

Головкиннің DAZN-дағы алғашқы жекпе-жегінің мән-жайы айтылды 

48

- Advertisement -

© Тұрар ҚазанғаповӘлемнің бұрынғы чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) DAZN стриминг қызметімен келісімшарт бойынша алғашқы жекпе-жегін келесі аптада құлақтандырады. Бұл туралы промоутер Эдди Хирн мәлімдеді, — деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Алайда Хирн Головкиннің қарсыласы кім болатынын нақтыламады. Сонымен бірге, маусымда GGG-мен бір бокс кешінде орта салмақта WBO чемпионы Деметриус Андраде (27-0, 17 КО) жұдырықтасу мүмкін екенін айтады. Бірақ америкалық белбеуін 22 маусымда қорғайды деп белгіленіп қойған.

Головкин DAZN стриминг жүйесімен келісімшартқа отырғаннан кейін мәлімдеме жасады

«Баспасөзбен тілдескенде Эдди Хирн келесі аптада Головкиннің алдағы жекпе-жегін құлақтандыруды күтіп отырғанын айтты. Сонымен қоса, ол Андраде WBO белбеуінің келесі қорғауын Росадо — Сулецки жекпе-жегінің жеңімпазына қарсы өткізетінін айта кетті. Бұл кездесу Головкинмен бір кардта өтуі де мүмкін», — деп келтіреді Хирннің сөзін TalkSport.com журналисі Майкл Бенсон.

tengrinews.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support