- Advertisement -

Алматы орталығында атыс болды: Күдіктілер ұсталды 

38

- Advertisement -

Видеодан алынған кадр
Видеодан алынған кадр

Алматы орталығында атыс болды, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, бұл оқиға 7 наурызда кешкі уақытта Бостандық ауданында болған. Instagram желісіндегі kris_p_brothers парақшасында оқиғаның видеосы пайда болды.

Видео кадрларынан Gelandewagen көлігінің маңында ер адамдардың сөйлесіп тұрғаны көрінеді. Бірақ бірде оларға қолында тапаншаға ұқсас заты болған белгісіз біреу келеді. Артынша барлығы тарап кетеді.

Нақтыланған мәліметтер бойынша, оқиға Сәтбаев пен Байзақов көшелерінің қиылысында болған. Полициядағылардың мәліметінше, төрт күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр.




tengrinews.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support